Қазақстанда Qnet компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қазір Qnet компаниясының қызметіне қатысты Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ҚР қылмыстық кодексінің 217-бабы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, — деді Рустам Әбдірахманов.

Оның айтуынша, тергеу барысы ҚР бас прокуратурасы, ішкі істер министрлігі, Алматы прокуратурасы мен полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Qnet Қазақстан Республикасы заңнамасына сайкес кәсіпкерлік қызмет көрсетіп жатқан жоқ. Компанияның банктік және инвестициялық қызметке лицензиясы мен рұқсаты жоқ,- деді қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Айта кетейік, компания желілік маркетинг жүргізеді, онда адамдар түрлі зергерлік бұйымдарды сатумен айналысады. Бастапқы салым сомасы – 30 доллар. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдарына азаматтардан 220 шағым тіркелген.