Түркияның Кахраманмараш провинциясы Гёксун ауданында бүгін, түнгі сағат 03:39-да жер сілкінді. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады.
Табиғи апаттармен және төтенше жағдайлар мен күрес жөніндегі басқарманың (AFAD) мәліметінше, 4,7 магнитудалы жер сілкінісінің ошағы Кахраманмараш провинциясының Гёксун ауданында орналасты. Дүмпудің ошағы 7,34 километр тереңдікте орналасты.
Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның Кахраманмараш провинциясында қуаты 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Тербеліс елдің 10 провинциясында, сонымен қатар көршілес мемлекеттерде сезілді.