Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 459-464 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 459,5– 462 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 459 – 464 теңге аралығында құбылып тұр.
20 наурыз кешкі сауда қорытындысына сәйкес, доллардың орташа бағамы 2, 51 теңгеге өсіп, 462, 72 теңге болды.
Ұлттық банктің 24 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 462, 36 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,99 теңге.