Басты бетЖаңалықтарЕлімізде коронавирус...

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 22 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

24 наурыздағы жағдай бойынша, өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 789 адам (коронавирустан (КВИ+) –1 619, пневмониядан (КВИ-) – 170 КВИ) емделіп жатыр. Олардың ішінде 140 пациент стационарда, 1 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

— 5 адамның жағдайы ауыр,

— 1 пациенттің жағдайы өте ауыр,

— 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.