Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысының желідегі парақшасы хабарлады.

Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны  құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!, — деп жазды мемлекет басшысы желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Елена Рыбакина алғаш рет Индиан-Уэллс мастерс турнирінің чемпионы атанды. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде жеңіске жеткеннен кейін WTA рейтингінде 7-орынға көтерілді.