Басты бетЖаңалықтарҚазақстандықтардың қанша...

Қазақстандықтардың қанша проценті сайлауда дауыс беріп үлгерді?

Астана уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша, сайлаушылардың 30,65%-і бюллетень алды. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина айтты.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, астана уақытымен сағат 12:00-де өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:

1. Абай облысы бойынша – 33,58%;

2. Ақмола облысы бойынша – 33,63%;

3. Ақтөбе облысы бойынша – 33,18%;

4. Алматы облысы бойынша – 34,41%;

5. Атырау облысы бойынша – 30,66%;

6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 33,61%;

7. Жамбыл облысы бойынша – 35,82%;

8. Жетісу облысы бойынша – 33,15%;

9. Қарағанды облысы бойынша – 34,19%;

10. Қостанай облысы бойынша – 37,39%;

11. Қызылорда облысы бойынша – 32,78%;

12. Маңғыстау облысы бойынша – 32,43%;

13. Павлодар облысы бойынша – 34,26%;

14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 32,81%;

15. Түркістан облысы бойынша – 38,29%;

16. Ұлытау облысы бойынша – 34,61%;

17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 34,16%;

18. Астана қаласы бойынша – 23,35%;

19. Алматы қаласы бойынша – 11,25%;

20. Шымкент қаласы бойынша – 19,63%.

Белсенді сайлаушылар Түркістан, Қостанай және Жамбыл облыстарында. Жалпы, сағат 12:00-дегі жағдай бойынша республиканың 3 687 608 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 30,65%-і. Барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру процесін кандидаттардың, саяси партиялардың сенім білдірген адамдары, халықаралық байқаушылар аккредиттелген қоғамдық бірлестіктердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері байқап жатыр, — деді ол.

Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 14:10, 16:10, 18:10, 19:00 және 20:10-да беріледі. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады.