Сайлаушылардың 14,21%-і бюллетень алды. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2023 жылғы 19 наурызда сағат 10:10-ғы жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 14,21%-і бюллетень алды.
Оның ішінде:
1. Абай облысы бойынша – 15,13%;
2. Ақмола облысы бойынша – 15,61%;
3. Ақтөбе облысы бойынша – 12,44%;
4. Алматы облысы бойынша – 15,32%;
5. Атырау облысы бойынша – 12,94%;
6. Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,96%;
7. Жамбыл облысы бойынша – 16,54%;
8. Жетісу облысы бойынша – 15,93%;
9. Қарағанды облысы бойынша – 16,31%;
10. Қостанай облысы бойынша – 16,23%;
11. Қызылорда облысы бойынша – 12,64%;
12. Маңғыстау облысы бойынша –12,36%;
13. Павлодар облысы бойынша – 16,49%;
14. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 15,93%;
15. Түркістан облысы бойынша – 15,62%;
16. Ұлытау облысы бойынша – 16,38%;
17. Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 16,11%;
18. Астана қаласы бойынша – 13,58%;
19. Алматы қаласы бойынша –8,51%;
20. Шымкент қаласы бойынша – 12,57%.
Жалпы, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша республиканың 1 710 381 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 14,21%-і, — деді Шавкат Өтемісов.
Азаматтардың учаскелерге келуі туралы келесі ақпарат елорда уақыты бойынша сағат 10:10, 12:10, 14:10, 16:10, 18:10, 19:00 және 20:10-да беріледі. Алдын ала жасалатын жалпы қорытынды ақпаратты ОСК сағат 22:10-те ұсынады.