Қазақстанның 8 мыңнан астам сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының орынбасары Константин Петров мәлімдеді.
Сағат 07:00-дегі жағдай бойынша 8 272 сайлау учаскесі ашылды. Соның ішінде 12 шет мемлекетте 13 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды, — деді Константин Петров орталық сайлау комиссиясының отырысында.
Оның айтуынша, 92 сайлау учаскесінде дауыс беру таңғы сағат алтыда басталған. Қалған бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 1 887 сайлау учаскесінде дауыс беру Астана уақытымен сағат сегізде басталады.
Республика бойынша барлығы 10 223 сайлау учаскесі бар, соның ішінде 77-сі 62 шет мемлекетте орналасқан.