Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мейрамымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды көрісу күнімен құттықтады. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter парақшасында жазды.

Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!, — деп жазды мемлекет басшысы.