Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде 14-16 наурыз күндері ауа райы қандай болады?

Фото: Айгүл Хожантаева
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 14-16 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің мәліметінше, 14-15 наурызда солтүстік-батыста, 15-16 наурызда солтүстікте, шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында қар және қар аралас жаңбыр жауады.

Республика бойынша тұман, солтүстік жартысында көктайғақ болады, кей уақытта жел күшейеді. Ал температура фонында қатты өзгерістер болмайды, — делінген хабарламада.