Өткен тәулікте Қазақстанда 58 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Қазақстанда кейінгі тәулікте 58 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

12 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 783 адам коронавирус инфекциясынан (–1 604+ және 179 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 130 пациент стационарда, 1 653 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 2 адамның жағдайы ауыр,

• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.