Мұғалімдер күні енді 5 қазанда тойланады

Қазақстанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі атап өтілетін күн бекітілді.

5 қазанда мұғалімдердің кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні аталып өтіледі. Қаулыны үкімет қабылдады.

Мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада Мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазанның бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден аса елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді. Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі, — делінген хабарламада.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.