Қазақстанда кейінгі тәулікте 60 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
10 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 731 адам коронавирус инфекциясынан (–1 553+ және 178 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 132 пациент стационарда, 1 599 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 2 адамның жағдайы ауыр,
• 3 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 2 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
