Басты бетЖаңалықтарҚазақстандық оқушылар...

Қазақстандық оқушылар мен студенттер Jusan Singularity IT мектебінде Computer Science бойынша білім ала алады

Jusan Singularity IT мектебі Computer Science бойынша тренинг жариялады. 9 наурызда басталып, 31 наурызға дейін жалғасатын тренингке елордалық оқушылар мен студенттер офлайн, ал еліміздің басқа өңірлерінен қатысушылар онлайн қатыса алады. Қатысушылар үш апта бойы Computer Science бағдарламасы бойынша дәріс алып, IT саласында өз білімдерін шыңдай түседі.

Бір айға созылған оқу бағдарламасының аясында қатысушылар Java, С++, iOS және Android бағдарламалау тілдері бойынша білім алады. Сонымен қатар оқушылар мен студенттер шеберлік сағаттарына қатысып, 111 практикалық тапсырманы шешіп, кәсіптік бағдар берудің Backend, Frontend, Mobile Development, DevOPs сынды бағыттарымен танысады.

Бұл жеңіл бағдарлама емес, ересектерге арналған бұл оқыту жүйесі IT саласының күрделі базасын қамтиды. Біздің мақсатымыз — мектеп оқушыларына арналған академия курстарын дамыта отырып, оқыту жүйесін қазақ тіліне бейімдеу, — дейді Jusan Singularity мектебінің өкілі Бейбарыс Өмірбаев.

Jusan Singularity ұйымдастыруымен өтетін курс барысында тәлім алушыларға қажет құрал-жабдық, атап айтсақ, iMac компьютерінің соңғы нұсқасы, демалуға арналған орын мен сабақты қайталау үшін дәрістердің жазбасы ұсынылады. Ал оқу аяқталған соң қатысушының барлығына сертификат пен естелік сыйлықтар беріледі.

жусан ІТ мектеп
Фото: Jusan

Jusan Singularity – қазақстандық еңбек нарығы үшін IT мамандарын дайындайтын Jusan компаниясы тобының білім беру жобасы. Мектеп Астана қаласында орналасқан және онда екі деңгейлі кампус бар. Мұнда тәлім алушылар келесі бағыттар бойынша білім ала алады: Java Backend, Mobile Developer (Android, iOS), Frontend (React), DevOPs. Мектеп заманауи ІТ-инфрақұрылыммен, тұрақты интернетпен және қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған. Мұнда коворкинг, конференц-залдар, дебифинг алаңдары, ас үй және тағы басқа бар.

Фото: Jusan

Еске салсақ, бұған дейін Jusan Singularity IT мектебі ерекше қажеттілігі бар және SOS ауылындағы қамқоршылардың тәрбиесіндегі балаларға екі апта тегін тренинг өткізді. Нәтижесінде 17 жеткіншек бағдарламалаудың бастапқы курсын аяқтап, iPhone-ға арналған ойын жасап шығарды.

Өтінішті мына сілтеме бойынша толтыруға болады: https://singularity.camp/coding-nauryz

Курстың бағасы мен басқа да ақпаратты алу үшін 8 707 260 3535 нөміріне хабарласуға немесе [email protected] поштасына хат жолдауға болады.