9, 10 және 11 наурызда Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.
Бейсенбі, жұма және сенбі күндері бірқатар өңірде екпінді жел мен көктайғақ құбылыстарымен бірге қар, қар аралас жауын-шашын болады.
9 наурызда республиканың шығысында және оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Алдағы үш күнде республика бойынша тұман болады. Республиканың басым бөлігінде температуралық фон айтарлықтай өзгермейді, тек республиканың солтүстік, орталық, шығыс облыстарында түнде ауа температурасы 5-18 градус аязға дейін төмендейді, — делінген хабарламада.
