АҚШ Bereke Bank-ті санкциялық тізімнен шығарды

АҚШ қаржы министрлігі Bereke Bank-ті санкция салынған қаржылық ұйымдар тізімінен шығарды.

Украинадағы жағдайдан кейін ресейлік «Сбербанктің» Қазақстандағы еншілес банкі «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің еншісіне өтіп, аты Bereke Bank болып өзгерді.

АҚШ қаржы министрлігінің ресми сайтында Bereke Bank-тің санкция салынған қаржылық ұйымдар тізімінен шығарылғаны туралы мәлімет шықты. Нақтырақ айтсақ, шетелдік активтерді бақылау басқармасының санкциялық SDN-тізімінен шығарылған.

Санкциялық тізімнен шығарылған Bereke Bank сайттағы құжатта төрт түрлі атаумен берілген: «Ресей Себрбанкінің еншілес банкі», SB SBERBANK, «Ресей Сбербанкінің еншілес акционерлік қоғамы және TEXAKABANK.