Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Алматыда технология саласындағы әйелдерді біріктіретін іс-шара өтеді

Фото: Қазақстан-Британ техникалық университеті
Women Techmakers мен Қазақстан-Британ техникалық университеті 11 наурызда технология саласындағы әйелдерді біріктіруге бағытталған Dare to be іс-шарасын ұйымдастырады. Онда сол саладағы проблемаларды талқылау және өсу мен даму мүмкіндіктері айтылады. 

Google бастамашы болған Women techmakers жаһандық бағдарламасы және технологиялық білім беру саласындағы жетекші оқу орны Қазақстан-Британ техникалық университеті технологиялық индустриядағы әртүрлілік пен инклюзивтік ынталандыру мақсатында серіктестік туралы жариялады.

Осы ынтымақтастық шеңберінде Women Techmakers мен Қазақстан-Британ техникалық университеті 11 наурызда салада кездесетін проблемаларды талқылау және өсу мен даму мүмкіндіктерін зерттеу үшін технология саласындағы әйелдерді біріктіруге бағытталған іс-шара ұйымдастырады.

Іс-шарада технологиялық индустрияның көрнекті көшбасшыларының негізгі баяндамалары, панельдік пікірталастар мен интерактив семинарлар ұсынылады.

Іс-шараға технологиялық индустриядағы барлық әйел, студенттер, кәсіпқойлар және кәсіпкерлер қатыса алады. Студенттер тегін тіркеледі, ао сала мамандары үшін қатысу ақысы — 5000 теңге.

Қатысушылар технология саласындағы басқа эксперттермен сөйлесуге, сала сарапшыларынан үйренуге және кейінгі тенденциялар мен технологиялар туралы түсінік алуға мүмкіндік алады.

Қосымша ақпарат алу және іс-шараға тіркелу үшін мына сайтқа кіріңіз: bit.ly/3ZEK9JA

Айта кетейік, Women Tech Makers-бұл — Google-дің технология саласындағы әйелдерді қолдау және мүмкіндік беру үшін бастаған жаһандық бағдарламасы. Бағдарлама әйелдердің технологиялық индустрияда өсіп, өркендеуіне ресурс, қауымдастық және мүмкіндік ұсынады.

Мақалаға реакция