Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы белгіленді

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 433 – 436 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 433 – 438 теңге аралығында құбылып тұр.

3 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4, 47 теңгеге қымбаттап, 431, 06 теңге болған.

Ұлттық банктің 6 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 08 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,72 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,5 – 5,75 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,6 — 5,7 теңгеден сатылып жатыр.