Президенттің 35 өкілеттігі Үкімет пен Парламентке беріледі

Атап айтатын болсақ, Парламентке Президенттің бүкіл заң шығару өкілеттігі берілетін болады. Бұл Парламенттің рөлін күшейтеді.

Ал Үкіметке экономиканы басқару, яғни мемлекеттік бағдарламаларды бекіту, оның орындалуын қамтамасыз ету қызметі жүктелетін болады. Оның құрамы Мәжіліспен кеңесе отырып жасақталады. Ол төмендегідей жүзеге асырылады:

Премьер-Министр Мәжіліспен кеңескеннен кейін Мемлекет басшысына Үкімет мүшелігіне үміткерлер туралы ұсыныс енгізеді. Президент өзі тағайындайтын Сыртқы істер министрлері мен Қорғаныс министрлері ғана бұл ережеден тысқары.

«Менің ойымша, бұл Үкіметтің халық алындағы, Парламент алдындағы жауапкершілігін арттырады. Жалпы Парламенттің бақылау қызметінің кеңеюінің де әсері үлкен болады. Өйткені, Үкімет Парламентке өзінің шешімдері туралы, негізгі бағыттары туралы баяндап отырады. Сол кезде біз шешімдерді өзгертуге ықпал ете алатын боламыз. Жалпы еліміздің дамуына бұл өзгерістер үлкен әсерін береді», – деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Сондай-ақ Парламент заңнамалық билік болады.

Ал азаматтарды қорғау бағытында кассациялық сатының соты ретінде Жоғарғы соттың рөлі нығайтылады.

Елбасының өкілеттілігінде Конституцияның 87-бабы бойынша облыстардың, республиканың маңызы бар қалалардың және Астана әкімін, басқа барлық деңгейдегі әкімдерді қызметке тағайындау, әкімдерді қызметінен босату және мораторий жариялау қалады.

ДереккөзNaryk.kz