Басты бетЖаңалықтарБілім министрі...

Білім министрі кейбір мамандықтардың жабылуы туралы сөздерге сенбеуге шақырды

Онда Ерлан Сағадиев, соңғы кезде Интернет желісінде ҚР БҒМ-нің мамандықтар классификаторындағы «Қазақ тілі», «Қазақ əдебиеті», «Қазақ тарихы», «Лингвистика», «Шығыстану» сынды мамандықтарды жоғары оқу орындарынан алып тастағаны туралы, жоғары оқу орындарында осы пəндердің жүргізілуі тоқтатылғандығы жайлы ақпарат кездесіп отырғандығын атап өткен.

«Бұлар шындыққа жанаспайды»,-дейді министр. Сондай-ақ ол мұндай хабарлардың қазақстандықтарды қисық жолға бағыттап, жалғанға сендіруді көздеген қитұрқы əрекеттер екендігін мәлімдейді.

ДереккөзInform.kz