Димаш ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының лауреаты атанды

Қор ақпаратына сәйкес, 2016 жылы сыйлыққа 127 өтінім келіп түскен. Олардың барлығын қор жанындағы Жас ғалымдар кеңесі мен Шығармашыл жастар кеңесінің мүшелері кірген конкурстық комиссия қарады. Іріктеу қорытындысында 18 жоба үздік деп табылды.

Сыйлық лауреаттарының бірі қазіргі уақытта «I am a singer» (Қытай) байқауында Қазақстанның атынан лайықты өнер көрсетіп жатқан жас әнші — Димаш Құдайберген. Салтанатты шара барысында Қор мен танымал балет әртісі, 2015 жылғы қор сыйлығының лауреаты Досжан Табылдының бірлескен жобасы The Activation видеоролигінің тұсаукесері болды. Автор әлемнің барлық бишілеріне Astana dance challenge жобасына қатысуды үндейді.

ДереккөзInform.kz