Алан Құрманғалиев Португалиядағы турнирдің чемпионы болды

ҚР ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше, Алан 17 жасқа дейінгілер арасында қарсыластарын ұтты.

Жерлесіміз испаниялық Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Рико өкілі Энрике Риосты, чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сонымен қатар тағы бір испаниялық Даниэль Берзосадан, румыниялық Драгош Бужорадан айласын асырды.

Осылайша, 16 жастағы Алан Құрманғалиев тағы бір ірі жарыста көзге түсіп, алтын медальді жеңіп алды.