Тоқаев теннисші Алан Құрманғалиевті жеңісімен құттықтады

Бұл туралы БОРТ№1 Telegram каналы хабарлады.

Қазақстанда үстел теннисінің жанкүйерлері өзіңді мақтан тұтады. Осы жетістіктеріңмен шектелмей, беделді әлемдік турнирлерде ең жоғары жүлделерге ие болу үшін спорттағы шеберлігіңді шыңдай түсуіңе тілектеспін. Бұл міндет сенің қолыңнан келеді! Талмай еңбек ет, күрес және жеңістерге жете бер!, – деп жазылған мемлекет басшысының жеделхатында.

Айта кетейік, Тунисте жасөспірімдер арасында үстел теннисінен өткен әлем чемпионатында қазақстандық Алан Құрманғалиев аралас сында мысырлық Хана Годамен бірге жеңімпаз атанды.