Ауа райына байланысты екі облыста жолдар жабылды

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады.

Абай облысында «Алматы — Өскемен» тас жолының Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығында және «Өскемен — Семей» тас жолының Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығында көліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді.

Шығыс Қазақстан облысында «Алматы — Өскемен» тас жолының Абай облысының шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында және «Өскемен — Семей» тас жолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.