Алматыда мектепті кеңейту үшін дәмхана аумағы сатып алынады

Алматы тұрғындарының бірі Ерболат Досаевқа Бөгенбай батыр көшесінде орналасқан кәуәпханаға шағымданды.

Біздегі проблема көзі – Қастеев пен Бегалин арасындағы кәуәпхана. Оған қатысты мәселелер: түтін, шу, айқай, үнемі ұрыс-керіс, көліктер, соның салдарынан үйге кіре алмаймыз. Әр жолы үйге жол ашу үшін полиция шақырамыз, — деді тұрғын.

Бұған Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин жауап берді:

Біз ол мекенжайға бірнеше рет бардық. Сіз шағымданған бірінші «Чачапури» бойынша, сол маңда №29 мектеп орналасқан. Ерболат Асқарбекұлы, осы сұрақпен сізге жүгіндім. Қала бізді қолдады. Әзірге бұл туралы айтқан жоқпыз: мектепті кеңейту үшін бұл аумақты сатып алуды жоспарлап отырмыз. Жолдың арғы жағында, екінші «Чачапури» ашылды. Бірақ оның барлық құжаты заңды. Жалғыз нәрсе, кафенің артында орналасқан мангал көршілерге жақын тұр. Біз оған сүзгілерді қоямыз. Шуға қатысты мәселелер үнемі біздің бақылауымызда. Екінші рет келгенімде тұрғындар бұл мәселенің азды-көпті өңделгенін айтты, — деді аудан әкімі.

Ерболат Досаев дәмхананың аумағын сатып алу мәселесі алдағы екі-үш айда шешілуі керек екенін айтты.