Биыл 19 мыңнан астам алматылық ауыз сумен қамтылады

Қала әкімі 2014 жылы Медеу ауданына Алматы облысы Талғар ауданының аумағы қосылғанын еске салды.

Оның айтуынша, осы шағын аудандардың тұрғындарын сапалы сумен және канализациямен қамту өзекті мәселенің бірі.

Былтыр 5,4 километр сумен қамту және канализация желісі салынып, реконструкцияланды. 2023 жылы жұмыстар көлемі едәуір ұлғайып, 64,7 километр су құбыры және канализация желісін тарту жоспарда бар. Нәтижесінде жыл соңына дейін Көлсай, Кеңсай, Сұлусай, Компот, Мұзтау шағын аудандарының және Халиулин көшесінің, яғни ауданның 19 мыңнан астам тұрғыны сапалы сумен және канализациямен қамтылады. Бұдан басқа, Думан шағын ауданында 14 километр су құбыры мен канализация желісін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр, — деді Ерболат Досаев.

Сонымен қатар ол былтыр тамызда «Каменское плато» шағын ауданында су құдығындағы су деңгейін өлшенгенін айтты.

Осы проблеманы шешу үшін менің тапсырмаммен төрт жаңа су көзін салып, «Балқаш» резервуарлары мен сорғы станциясын толық реконструкциялау жобасы әзірленіп жатыр. Бұл Каменское плато, Көлсай, Мұзтау және Юбилейный шағын аудандарын тұрақты сумен қамтуға мүмкіндік береді. 3 миллиард 568 миллион теңге мөлшерінде қаражат бөлінді, жұмыстар биыл сәуірде басталып, жыл соңына дейін аяқталады. Бұл жұмыстар аяқталғанға дейін «Алматы су» мен аудан әкімдігі осы шағын аудандардың тұрғындарын қосымша тасымалды сумен қамтамасыз етеді, — деді қала басшысы.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да