Спорт командаларымен серіктестік орнату – Chery концернінің жаһандық бастамасының бөлігі. Бұған дейін брендтің өңірлік өкілдіктері Бразилияның «Сантос», Эквадордың «Индепендьенте дель Валье», Чилидің «Универсидад Католика» клубымен және Ресейдің «Спартак» клубымен осы сияқты келісімшарттарға қол қойған. 2022 жылы бренд Катардағы футболдан өткен әлем чемпионатының автокөлік серіктесі болды.
«Астана» футбол клубының бас директоры Арслан Беспаев құттықтау сөзінде жаңа серіктестіктен не күтетінін айтты.
Біздің жігіттер – нағыз жауынгерлер, аянбай жұмыс істейді. Дегенмен жақсы нәтиже тек жеке адамның күш-жігерін емес, қаржылай қолдауды да қажет етеді. Беделді концернмен ынтымақтастық орнату командаға спорттық амбиция үстейтініне сенемін. Бірге үлкен әрі көптің аузында жүретін жеңістерге жететінімізге сенімдімін, — деді Арслан Беспаев.
Келісім аясында тараптар Chery компаниясымен ақпарат және имидж коллаборациясына айырбас ретінде «Астана» футбол клубының жарғылық қызметіне 100 миллион теңге бөлуге келісті.
First Motor Group директоры Нұрлан Шамгоновтың сөзіне қарағанда, спортты қолдау – брендтің әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі.
Спорт елдер мен құрлықтардың басын қосады, салауатты тайталас, бәсекелестік рухын береді. Бұл Chery концернінің де, біз еншілес компаниясы болып отырған «Астана моторс» компаниясының да құндылықтарына сай келеді, — деді ол.
First Motor Group компаниясының маркетинг жөніндегі директоры Айгүл Темешова да спорттық бастама жайында пікір айтты.
Біз бұл ынтымақтастықтан көп мүмкіндік көріп отырмыз. Келісім бізге автокөліктерді жақсы көретін жандарды Қазақстандағы спортқа тартуға, спортты дәріптеуге және ойыншыларды жұлдызға айналдыруға, оған қоса, әрине, клубтың үлкен аудиториясына, оның жанкүйерлеріне Chery көліктерінің артықшылығы туралы айтып беруге көмектеседі, — деді Айгүл Темешова.
Chery брендінің Қазақстан нарығына ресми түрде 2021 жылы келгенін және қазірдің өзінде қазақстандықтардың жүрегін жаулап қана қоймай, республикамызда ұсынылған Қытай елінің басқа брендтерінің ішінде нарықтың елеулі үлесін алып отырғанын айтқан жөн.
Қазақстанның автомобиль бизнесі қауымдастығының (ҚАБҚ) ресми статистикасы бойынша, бренд 2022 жылы 4,4 мыңнан астам автокөлік сатып, елдегі автокөлік нарығының «қытай» сегментінде 38%-ті иеленді және Қазақстандағы ең танымал 10 көлік брендінің ішінде алтыншы орынға көтерілді.
Chery бренді өкілдері биылғы жоспарды да айтып өтті. 2023 жылғы жоспар – Қазақстандағы ең көп сатылатын үздік бес автокөліктің қатарына ену және әлеуметтік бағытты, соның ішінде инклюзив саласын дамыту. Қазақстандағы Chery дистрибуциясы бұл бағыттағы алғашқы қадамды 2022 жылғы желтоқсаннан бастады, сөйтіп «ЕРЗИ» мүгедектер қауымдастығына жеті орындық Chery Tiggo 8 PRO кроссоверін сыйлады.