Астанадан шығатын жолдардың барлығы жабылды

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдары ұлттық операторының мәліметінше, Астананың тас жолдары ауа райының нашарлауына және қатты көктайғаққа байланысты жабылған.

Ауа райының нашарлауына байланысты алыс жолдарға шықпауға шақырамыз. Жолдарда қатты көктайғақ болып тұр, — деп ескертті ІІМ баспасөз қызметі.