1 наурызда елімізде дабыл жүйесі іске қосылады

Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр сиреналарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сонымен қатар теледидар және радиоарналарының эфирін ұстап алуды жүзеге асыру, интернет-ресурстар мен мобайл қосымшаларда ақпаратты орналастыру көзделеді.

«Баршаның назарына!!!» дыбыстық сигналы — бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобайл қосымшалардағы ақпарат туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек. Сонымен қатар қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексеріледі, — делінген хабарламада.