«Әкімдер ешбір партияның мүшесі болмауы керек». Үкімет түсінік берді

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауын іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 5 қарашада «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 4-бабына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес, әкімдер мен олардың орынбасарларына саяси партиялардың өкілдіктері мен филиалдарында қызмет атқаруға тыйым салынады, — деп жазды Әлихан Смайылов депутаттық сауалға берген жауабында.

Премьер-министр тағайындалған немесе сайланған кезінде әкімдер мен олардың орынбасарлары саяси партиялардың филиалдары мен өкілдіктерінде қызмет атқарған болса, олар тағайындалған немесе сайланған күннен бастап 10 күн ішінде аталған лауазымдарды босатуы тиіс екенін нақтылады.