Алматыдағы концерт бағдарламасында Turan ансамблінің репертуарындағы фольклорлық және симфониялық үздік туындылар орындалады. Оның ішінде «Бүркіт», «Сырласу», «Ақсақ Құлан», «Аққу», «Ортеке», «Толғау», «Ұлы Тұран мәңгілік», «Қара жорға», «Көроғлы», «Ер Тұран» және тағы басқа туындылар бар.

Ансамбль қырықтан астам аспапта ойнайды. Бір концерт үстінде осынша аспапты қолданады. Концертті Т.Әбдірашев атындағы мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры Қанат Омаров басқарды.

Қанат Омаров. Фото: Қазақконцерт

Turan фольклорлы-этнографиялық ансамблі бұған дейін әлемнің 70-ке жуық елінде 1300-ден астам жеке концерт өткізген. Топ солисі Серік Нұрмолдаев мерейтой жылындағы топтың жоспарын айтып берді.

15 жылдық қарсаңы аясында жоспаР өте көп.  Биыл арманымыз орындалады.  Қазақстанның барлық қаласына барып, концерт қоямыз. Бүгінгі Алматыдағы концерт — биылғы алғашқы концертіміз. Туған жерге тағзым жасай отырып, Алматыдан бата алЫп әлемдік турне жасауға аттанАмыз. Біздің әлемдегі ең көп жанкүйеріміз Түркияда. Сол елдің 12 қаласына баруымыз керек еді, бірақ қазіргі жағдайдан кейін сапарды кейінгі шегеруге тура келді. Енді гстрольдік сапарды Батыс Қазақстан облысынан бастаймыз, — деді Серік Нұрмолдаев.

Фото: Қазақконцерт

Ансамбль әрі қарай Еуропаның ондаған еліне барып концерт қоймақшы. Топ Еуропадағы ең ірі, танымал концерт залында өнер көрсетеді.

Швейцарияның Дженева, Берн, Базель қалаларында, Францияның Париж, Лион, Бельфор қалаларында концерт қоямыз. Бельгияның астанасы Брюссельде, Австрияның астанасы Венада, Хорватияның астанасы Загребте, Словенияның астанасы Люблянада, Венгрияның астанасы Будапеште концерт береміз, — деді ансамбль солисі.

Бұл гастрольдік турне өз елімізде жалғасады. Содан кейін Орта Азияда Folk&Symphony симфониялық оркестрімен біріккен жобасы Өзбекстанның оркестрімен бірігіп Ташкентте, Қырғызстанның оркестрімен бірігіп Бішкекте үлкен концерт береді.

Одан кейін ансамбль Германияның бірнеше қаласына, Түркияға және АҚШ-қа барады. Бұл сапар әрі қалай жалғаса бермек.

Топтың репертуарына осы 15 жылда көптеген шығарма қосылды. Олардың көбі — авторлық шығармалар. Оған қоса ансамбль халық композиторлары мен қазіргі композиторлардың туындысын өңдейді. Бүгінге дейін Turan ансамблі 50-ге жуық шығарма жазған.

Серік Нұрмолдаев ансамбль мүшелері ғылыми жұмысты атқарумен қатар, оқытушылықты да алып жүргенін айтады.

Серік Нұрмолдаев. Фото: Қазақконцерт
Мақсат Медеубек. Фото: Қазақконцерт
Бауыржан Бекмұханбет. Фото: Қазақконцерт
Ержігіт Әлиев. Фото: Қазақконцерт
Жанту Дадабаев. Фото: Қазақконцерт

Топ мүшелері Бауыржан Бекмұханбет пен Мақсат Медеубек Қазақ ұлттық өнер университетінде, мен Хореография академиясында сабақ беремін. Оған қоса еліміздегі жас ұл-қыздарға өнер үйретумен қатар, шетелде де шәкірттеріміз бар. Мысалы, Мақсаттың Венгрияда бір қобызшы шәкірті бар. Венгр қызы қазір сабақ алып жүр. Францияда да қобыз үйреніп жатқан, АҚШ-та домбыра үйреніп жүрген шәкірттеріміз бар. Оған қоса қазір танымал болып келе жатқан топтардың сахнаға шығуына түрткі болып, жол салып беріп жүрміз. Бұл істі әрі қарай да жалғай береміз, — деді музыкант.

Ансамбль мүшелері шетелдегі көрермендері туралы да айтты.

Таңғалатын нәрсе сол, шетелдегі жанкүйерлеріміз — шетелдіктер, қазақтар емес. Шетелге бізді ірі іс-шара болғанда, соған қонақ ретінде шақырады. Фестивальдерді ашуға немесе жабуға шақырып жатады. Әртүрлі мемлекеттегі фольклор музыканттардың бәрі дерлік бізді таниды. Шетелдегі фанклубтарды сол елдің азматтары құрған.

Біз басқа тілде айтпаймыз. Айтатынымыз — қазақтың әндері, шертетініміз — қазақтың күйлері, сөйлейтініміз — қазақ тілі. Шетелдіктер тілді түсінбегенімен оның мәнін түсінеді, — дейді Серік Нұрмолдаев.

Артистер Францияға концерттен кейінгі көрерменннің қошеметін айтып берді.

Фото: Қазақконцерт

Францияда концерттен соң көрермендер бізге келіп, жылап тұрды. «Мына жақтан жасап отырған дүниеңізге қызығып қарап отырмыз. Бүгінгі күнге дейін біздің француз елі фольклорлық мәдениетін осындай күйде сақтамапты. Сіздер өте бақытты ұлт екенсіздер» деген еді. Шетел көрермендері қазақ өнерін жоғары бағалайды, — деді топ мүшелері.

Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» ұйымының директоры Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, ансамбльдің лекция-концертіне елдегі басқа мемлекеттің елшілігінде істейтіндер қайта-қайта келеді екен.

Ақтоты Райымқұлова. Фото: Қазақконцерт

Ол кісілерді екінші, үшінші концертте көргенде жүзтаныс боп қаламыз. Өткен жолы да келген едіңіздер десем, тағы келгенін, өзімен бірге достарын ерткенін айтып жатады. Концертті рахаттанып көретінін айтады. Сөйтіп 1,5 сағатқа жоспарланған концерт 3 сағатқа созылып кететін кезі бар, — дейді Ақтоты Райымқұлова.

Turan ансамблі. Фото: Қазақконцерт

Turan фольклорлы-этнографиялық ансамблі енді Батыс Қазақстан облысына гострольдік сапарға аттанады.