Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Елдің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел, солтүстікте қарлы боран, оңтүстік облыстарда көктайғақ болады.

Тек Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Ұлытау және Қызылорда облыстарында жоғары атмосфералық қысым ықпалында алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазақстан Республикасының батысында, солтүстік-батысында ауа температурасының жоғарылауы, қалған аумақтарда төмендеуі күтіледі, бірақ қатты аяз болмайды, — делінген хабарламада.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да