Республикалық трассалардың 11 учаскесінде қозғалыс қалпына келді

Жол қозғалысы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қалпына келді.

Ақмола облысында:

«Екатеринбург-Алматы» тас жолы, 1 291-1 353 километр, Астана қаласы — Қарағанды облысы учаскесі.

«Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолы, 16-200 километр, Астана қаласы — Павлодар облысы учаскесі.

«Астана-Петропавл» тас жолы, 18-231 километр, Астана қаласы — Шучинск учаскесі.

«Көкшетау-Атбасар» тас жолы. 0-184 километр, Көкшетау қаласы — Атбасар учаскесі.

Қарағанды облысында:

«Екатеринбург-Алматы» тас жолы, 1 353-1 426 километр, Ақмола облысы — Теміртау қаласы учаскесі.

«Қызылорда-Павлодар» тас жолы, 1 206-1 135 километр, Молодежный ауылы — Павлодар облысы.

«Екатеринбург-Алматы» тас жолы, 1 505-1 854 километр, Жұмабек ауылы — Балқаш қаласы учаскесі.

Павлодар облысында:

«Қызылорда-Павлодар» тас жолы, 1 206-1 367 километр, Ленинский ауылы — Шідерті ауылы учаскесі.

«Астана-Ерейментау-Шідерті» тас жолы, 200-254 километр, Ақмола облысы — Шідерті ауылы учаскесі.

«Қызылорда-Павлодар» тас жолы, 1 206-1 135 километр, Шідерті ауылы — Қарағанды облысы учаскесі.

ШҚО бойынша:

«Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановские ключи» тас жолы, 6-166 километр, Ушановское ауылы — Алтай қаласы учаскесі.

Ақтөбе облысында:

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» тас жолы, 12-330 километр, Ақтөбе қаласы — Атырау облысы учаскесі.

Атырау облысында:

«Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» тас жолы, 330-346 километр, Ақтөбе облысы — Сағыз ауылы учаскесі.

Бүгін республикалық желіде 400 арнайы техника және 530 жол жұмысшысы жұмыс істеп жатыр.