Президент Алматыда сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады

Ерболат Досаев мемлекет басшысына Алматының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есеп берді. Биыл қаңтарда қаланың қысқа мерзімді экономикалық индикаторы инвестициялық және іскерлік белсенділіктің өсуі есебінен 136,7%-ке дейін артқан.

Ерболат Досаевтың баяндамасына қарағанда, негізгі капиталға құйылған инвестиция көлемі 21,9%-ке өскен. Экономиканың даму қарқынын сауда, көлік және өңдеуші өнеркәсіп салаларындағы өсім қамтамасыз етті.

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаланың 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын әзірлеудің негізгі тәсілдері жөнінде баяндады. Оны дайындау барысында мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 қарашада Алматы жұртшылығымен кездесуінде айтқан тапсырмалары ескерілген.

Президент қаланың сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсынылған шаралар мен биылғы екінші жартыжылдықта сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады. Бұл қаладағы нысандардың құжаттарын жаңартуға мүмкіндік береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев нақты табыстың артуын қамтамасыз етуге және қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған шараларды күшейту жөнінде тапсырма берді.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да