Тәжікстандағы 7 балдық жер сілкінісі Алматы мен Шымкентте сезілді

Дүмпу Тәжікстанның Қытаймен шекаралас аумағында болған, магнитудасы — 7,0 балл.

Зілзаланың ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 696 километр қашықтықта Тәжікстан аумағында тіркелген. Энергетикалық класы — 16.0. Магнитудасы — 7.0 MPV. Бағыты ошағынан 37.52° с.е. 73.48° ш.б. жатыр, тереңдігі — 20 километр. Алматы мен Шымкентте 2-3 балдық жер сілкінісі сезілді, — делінген хабарламада.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жағдай тұрақты. «112» және «101» желілеріне тұрғындардан қоңыраулар түскен жоқ.