«Болашақ» бағдарламасының үміткерлеріне қойылатын талаптар күшейеді

Кандидаттар өтініш берген кезде шет тілінен емтихан тапсырғаны туралы сертификат ұсынады. Мысалы, ағылшын тілінде магистратураға түсушілер нәтижесі 9.0 — ден кем дегенде 6.0 IELTS, PBT 677 — ден 498, IBT 120 — дан 60 TOEFL сертификаттарын, тағылымдамадан өтушілер — IELTS 5.0, PBT — 417, IBT — 35 TOEFL, DET 75 сертификаттарын ұсынуға тиіс.

Биыл «Болашақ» бағдарламасының конкурстық іріктеу ережелері жетілдірілді. Бұл шара кандидаттардың құрамын сапа жағынан арттыру үшін қабылданды. Шетелдік жоғары оқу орнының докторантурасына түсетін қазақстандықтарды қоспағанда, «Болашақ» бағдарламасының үміткерлері шет тілін меңгерудің жоғары деңгейін растауы қажет, — деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.