Кейінгі төрт жылда балабақша кезегінде тұрғандар саны екі есе азайды

Қазіргі кезде елімізде 1 миллион 115 мың баланы қамтып отырған 11 мың 104 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда, мектептердегі арнайы топтарда, балабақшаларда, шағын орталықтарда мектепке дейінгі даярлық аясында 337 мың бала білім алып жатыр, яғни жеткіншектерді қамту деңгейі 96% болды, — деді Наталья Жұмаділдаева орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, кейінгі төрт жылда балабақша кезегінде тұрғандар саны екі есеге азайды. Бүгінгі таңда екі жастан алты жасқа дейінгі балаларды қамту 90%-ке жуық, үш жастан алты жасқа дейін 98,3% болды.

Айта кетейік, балабақшаларда 15 мыңға жуық тәрбиеші жетіспейді.