Үндістандықтар неге Coca-Cola мен Pepsi-ді сатып алудан бас тартуда?

Бас тарту жергілікті өнімдерді қолдау шарасына байланысты болып отыр. Белсенділер халықаралық компанияларды «Үндістан суын алып, фермерлердің құрғақшылықтан зардап шегуіне жол ашып отыр» деп айыптап отыр.

Үндістанда осыған дейін шетелдік сусындардан бас тартуға үндейтін наразылық акциялары өткен болатын. Осы наразылықтардан кейін штатта Pepsi мен Coca-Cola сусындарына сұраныс төмендеп кеткен.

Ал 1 наурыздан бастап ұсақ дүкендер шетелдік сусындарды сатып алуды тоқтатқан.

ДереккөзReactor.inform.kz