Батыс циклон және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Қар жауады, республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр болуы мүмкін.
18 ақпанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Еліміздің оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік жартысында – жаяу бұрқасын соғады.
