Үкімет Алматы әкімдігі ғимаратын жөндеу үшін 7,1 миллиард теңге бөледі

Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ашық талқыға шығарған үкімет қаулысында хабарланды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне 2023 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген ҚР үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен Алматы әкімдігінің ғимаратын қайта жөндеуге трансферттер түрінде аудару үшін 7 010 773 250 теңге сомасында қаражат бөлінсін, — делінген үкімет қаулысында.

Еске сала кетейік, Алматы әкімдігінің ғимараты қаңтар оқиғасы кезінде зақымдалған еді.