Шектеу Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бар.
Жабық учаскелердің алдында жүк және қоғамдық көліктердің жиналуы байқалмайды. Қар, боран, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты бес учаскеде жүк көліктері мен қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді, — делінген хабарламада.
Қандай жолдар жабық:
- «Самара-Шымкент» – 526-710 километр, Батыс Қазақстан облысының шекарасы – Құршасай ауылы;
- «Самара-Шымкент» – 776-965 километр, «Экоойл» ЖҚС – Қарабұтақ ауылы;
- «Солтүстік айналма – Ақтөбе», 0-39 километр;
- «Самара-Шымкент» – 266-526 километр, Подстепное елді мекені – Ақтөбе облысының шекарасы;
- «Атырау-Орал» – 189-492 километр, Атырау облысының шекарасы – Орал қаласы.
Республикалық жолдарға 300 арнайы техника жұмылдырылды.
