Еліміздің алты өңірінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі төмендеді

Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі артқан. Яғни былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ке өсім байқалды.

Өндіріс көлеміндегі оң динамика еліміздің 14 өңірінде тіркелді. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстары мен елордада көрсеткіштер керісінше төмендеген.

Өнеркәсіптің негізгі салаларының ішінде электр энергиясы, газ, бу, ыстық су және ауа баптаумен байланысты жабдықтауда айтарлықтай өсім байқалған.