Қостанай облысында ауа райына байланысты жол жабылды

Сағат 10:00-ден бастап ауа райының нашарлауы, желдің күшеюі, боранның күшеюіне және жолдың дұрыс көрінбеуіне байланысты республикалық маңызы бар Жезқазған – Петропавл жолының 252-340 шақырымдары учаскесінде (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін) көліктің барлық түрі үшін жол жабылды, — деп хабарлады Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінен.

Айта кетейік, облыстың 13 ауданында қарлы боран салдарынан 82 елді мекенге қатынайтын жолдар болмады.