Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,5 – 453,5 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар бағамы 450 – 454 теңге аралығында құбылып тұр.
14 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1, 56 теңгеге төмендеп, 450, 77 теңге болған.
Ұлттық банктің 15 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 451, 17 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,11 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,9– 6, 15 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 6,05-6,12 сатылуда.
