Қазақстан Сирияға 50 тонна гуманитарлық көмек жеткізді

Атап айтқанда, Қазақстан мемлекеттік резервтен консервілер, жылы киім, қысқы шатырлар, төсек-орын және төсек жабдықтарын жөнелтті. Гуманитарлық көмек Алеппо қаласына Қазақстан ұлттық гвардиясының төрт рейсімен жеткізіледі.

IOFS бас директоры Ерлан Байдәулет президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүктің жеткізілуін бақылау үшін Сирияға өзі аттанды.

Жүкті тапсыру рәсіміне Алеппо губернаторының орынбасары Абдель Кадер Даваалиби, Алеппо әуежайының директоры Мұхаммед әл-Масри, Сирия қызыл жарты ай ұйымының өкілдері Самир Шубуки, Ахмад Самун, Анас Самаа, сонымен қатар Қазақстанның Ливандағы елшісі Расул Жұмалы қатысты.

Қабылдаушы елдің атынан сөз алған Алеппо губернаторының орынбасары Абдель Кадер Дауаалиби Қазақстан халқына шексіз алғысын айтты. Оның айтуынша, қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созып, көмек көрсеткен қазақ халқы ешқашан ұмытылмайды.

Сирия, Түркия және басқа да елдерде жер сілкінісінен зардап шеккендердің отбасыларына қайғырып көңіл айтамын. Біздің команда жағдай тезірек шешіледі деп үміттеніп, ержүрек құтқарушыларға қажырлы еңбегі үшін шын жүректен алғыс айтады, — деді IOFS бас директоры Байдәулет.