Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды

Тағы бір Қазақстан азаматы із-түзсіз жоғалған деп танылған болатын. Біз оны Хатай қаласынан таптық. Ол үзілістерге байланысты бір-екі күн ешкіммен хабарласа алмаған. Қазір оның жағдайы жақсы, ол қауіпсіз жерде. Ол тұратын үй зардап шеккен жоқ, — деді ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Айта кетейік, дүмпуден кейін хабарсыз кеткен Сәбина Мамадиярова Хатай провинциясы Антакья қаласынан аман-есен табылды. Үйінді астында қалған екі қазақстандық қаза болды. Қалған отандастарымыз іздестіріліп жатыр.