Түркияда қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан үш адамды аман алып шықты

Құлаған тоғыз қабатты үйдің қирандыларының астынан бір қарт адам мен екі жас жігіт шығарып алынды. Қазақстандық құтқарушылар оларға бірінші болып барып, адамдарды Түркиялық әріптестеріне және медициналық қызметтерге тапсырды. Жұмыстар үзіліссіз екі тәулік бойы конструкциялардың құлау қаупі төніп тұрғанымен аса күрделі жағдайларда жүргізілді. Адамдарды анықтау үшін кинологиялық есептоптар және арнайы іздеу құралдары белсенді түрде тартылды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Алматыдан жер сілкінісі салдарын жоюға көмек беру үшін Түркияға аттанды.

Құтқарушылар мен дәрігерлердің алғашқы тобымен Түркияға аттанған ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев елдегі жағдай туралы айтты.