Биыл зейнетақы активтерінің валюталық үлесі 28%-тен асты

БЖЗҚ зейнетақы активтері 14,6 триллион теңге. 2022 жылы бұл көрсеткіш 1,6 триллион теңгеге (немесе 12,1%-ке) өсті. 2016 жылдан 2019 жыл аралығында БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесі кезең-кезеңімен 17%-тен 33%-ке дейін өсті. Ұлттық банк зейнетақы активтерінің валюталық үлесін 30% деңгейінде ұстауды жоспарлап отыр, — деді Молдабекова сенатта депутаттармен кездесу кезінде.

Оның айтуынша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша зейнетақы активтерінің өсуі аясында, БЖЗҚ портфеліндегі валюталық активтер үлесі төмендеп, 28% болды.

Биыл валюталық активтердің қазіргі үлесі 28,4%-ке жетті. 2023 жылы бұл үлесті 30%-ке жеткізіп, алдағы уақытта да осы көрсеткішті сақтап қалуды жоспарлап отырмыз, — деді ұлттық банк өкілі.