Екібастұзда оқушылар мен студенттер онлайн оқуға көшірілді

Бұл туралы Pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

Балабақшалар кезекші топтарда жұмыс істейді.

ЖЭО-да жылу беру параметрлерінің төмендеуіне байланысты қала мектептері мен колледждеріндегі температура санитарлық нормаларға сәйкес келмейді.

Қалада жылу беру температурасын реттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Стандартқа сәйкес ол 77/53 градус (шығару орнында) болуы керек. Бүгінде нақты көрсеткіші 64/45 градус (шығару орнында). Бұл кезде сыртқы ауа температурасы -21 градусқа жетеді, — делінген хабарламада.