Бұл туралы қала әкімі Дмитрий Горьков айтты.
5 ақпанда конвейер таспасының қозғалтқышы істен шықты. Жөндеу жұмыстары аяқталды. Көмір бункерлері толтырылып жатыр. Температура режимі үш сағат ішінде қалпына келтіріледі, — деп жазды қала әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.
Дмитрий Горьковтың айтуынша, жөндеу жұмыстары кезінде температура режимін қалпына келтіру үшін 1 қазандық қондырғысы қосымша іске қосылған.